Атырау, 29 қараша 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Орталық Азия лаңкестік топтардың жауынгерлерді таңдауға арналған алаңы болып табылады – саясаткер

1 338 просмотра

Астана. 2 наурыз. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Орталық Азия өңірін экстремистік құрылымдар жауынгерлерге рекрутинг жасау алаңы ретінде қарастырып жатыр, деп мәлімдеді қазақстандық старатегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Карин.

«Орталық Азия әзірге Аль Каида немесе ИМ секілді жаһандық радикалдық құрылымдар үшін басым бағыт болмай отыр. Аталмыш өңір ең алдымен рекрутингтік алаң, жаңа жауынгерлермен толтыру көзі ретінде қаралып отыр», - деді Е.Карин сәрсенбі күні өңірлік тұрақтылыққа төніп тұрған қауіп туралы конференцияда.

Сарапшының пікірінше, болашақта орталық Азия елдері радикалдық экстремистік ұйымдар тарапынан одан да мықты үгіт-насихатқа тап болу мүмкін.

Дереккөз: ҚазТАГ

2 наурыз 2016, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.