Фото: КазинформАғылшын тілі Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруда міндетті пәндердің бірі болуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым вице-министрі Тәкір Балықбаев айтты, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
"(...) Біз әріптестеріміздің тәжірибесін енгізгелі жатырмыз. Ресейде 2021 жылдан бастап ағылшын тілін енгізеді - сондықтан ағылшын тілін міндетті пәндердің бірі ретінде енгізу - бұл да болуы мүмкін. Біз қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуімізді өзгертуді жоспарлап отырмыз. Форматының қандай болатынын кейін айтып береміз", - деп түсіндірді Балықбаев үш тілді білім беру моделіне өткеннен кейінгі жағдай туралы сұраққа жауап бере отырып.
Білім және ғылым министрлігінің өкілдері 2015 жылдың қарашасында "2015-2020 жылдарға арналған үш тілді білім беруді дамыту жөніндегі Жол картасын" бағдарламасының бекітілгенін түсіндірді. Бұл бағдарлама үш тілді меңгеруге бағытталған.
2013-2014 оқу жылында үш тілі білім беру аясында орташа білім беру жүйесінде ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту енгізілген болатын, 2016-2017 оқу жылында бұл оқушылар бастауыш мектепті бітіреді. Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылында, бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту бір сағатқа созылады. Мәселен, бірінші сыныпта аптасына 2 сағат оқытылады, ал қалған екінші, үшінші, төртінші сыныптарда - 3 сағаттан.
2018-2019 оқу жылында, 6 сыныптан бастап еліміздің барлық мектебінде оқу тіліне қарамастан "Қазақстан тарихы" қазақ тілінде, "Дүниежүзі тарихы" орыс тілінде оқытылады.
2019-2020 оқу жылында жоғары сыныптарда мектептің таңдауымен "Информатика", "Химия", "Биология", "Физика" пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
"Тапсырмаларымыздың аясында 33 орта мектепте сынақ тәртібінде үш тілді білім беруді енгіздік. Бүгінде үш тілді білім беру 117 мектепте жүргізіліп жатыр, бұл 63 мың оқушы немесе елдегі жалпы оқушылардың 2.3 пайызы. Әрине, бұл мектептерде қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілін тереңдетілген тәртіпте оқыту қарастырылып отыр. Сонымен қатар, жаратылыстану ғылымындағы кейбір пәндерді оқыту ағылшын тілінде жүзеге асырылады", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, бүгінде 42 жоғары оқу орнында ағылшын тілінде оқытудың арнайы бөлімшелері ашылған.
Дерккөз: tengrinews.kz