Атырау, 10 қазан 05:27
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

"Арқанкергенде" жоғалған шекарашы анасының шағымы қарала бастады

2 006 просмотра

Денис Рей анасы мен қарындасының ортасында Фото: auto.kzAстананың Сарыарқа аудандық сотында бүгін "Арқанкерген" шекара заставасында қаза тапты делінетін шекарашы Денис Рейдің анасы Татьяна Рейдің шағымы бойынша сот басталды. Татьяна Рей Ұлттық қауіпсіздік комитетінен (ҰҚК) және ҰҚК шекара қызметінен, бас прокуратурадан 370 миллион теңге (бір миллион доллардан астам) моральдық шығын төлеуді талап етеді.

Татьяна Рейдің адвокаты Талғат Сәрсеновтің сөзінше, шекарашының анасы "Денис Рейдің мемлекеттік органдардың кінәсінен, жауапсыздық пен әрекетсіздік және тиісті бақылау болмағанның салдарынан қаза тапқанының" моральдық шығынын 370 миллион теңге деп бағалаған.

Адвокат аса қауі төндірген атыс қаруы мемлекетке тиесілі болғандықтан кінәсіне қарамастан қауіп туған жағдайда мемлекет азаматтық-құқықтық жауапты болады.

2012 жылы 30 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өртеніп кеткен "Арқанкерген" заставасынан 14 шекарашы мен орманшының мәйіттері табылған. Денис Рей мен тағы бір шекарашы Мейірхан Именовтің өртенген мійіт қалдықтары табылған жоқ және олар ресми түрде із-түзсіз жоғалды деп танылған.

2012 жылы желтоқсанда "Арқанкерген" заставасында тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челахқа жаппай кісі өлтірді деген айыппен өмір бойы түрмеде отыру жазасы кесілген.

Дереккөз:azattyq.org

2 наурыз 2016, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.