KASE қор биржасының таңғы сессиясынның қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 346,82-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, алдыңғы сессия 347,77 теңге көрсеткішімен аяқталған еді.
2 наурыздағы таңғы сессияда алғашқы келісім 347 теңгемен өтті. Cессиядағы ең төменгі баға 346,3 теңге болса, жоғарысы 347,2 теңгеге жетті. Сауда көлемі 67,2 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 344-346,5 теңге аралығында саудалап жатыр.
Дереккөз:tengrinews.kz