Атырау, 29 қараша 00:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Назарбаевтың көмекшісі соғысқа аттанған қазақстандықтарға қатысты ойын айтты

1 639 просмотра

Қазіргі кезде Қазақстанның 200-ден аса азаматы Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыстарға қатысып жатыр. Қазақстан Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев осы адамдар туралы өз ойын айтып, оларды адасқандар және бақытсыздар деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыстарға Қазақстанның 200-ден аса азаматы қатысып жатыр. Олардың кейбірі әйелімен, балаларымен кетіп қалған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, халықаралық лаңкестік ұйымдардың құрамында шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысып жүрген қазақстандықтардың үстінен 2016 жылдың басынан бері 205 қылмыстық іс қозғалған. Жалпы алғанда, бұл аса үлкен көрсеткіш емес, Қазақстандағы жағдай тұрақты", - деді Ермекбаев Астанада өтіп жатқан халықаралық "Жаңа жаһандық ахуал: шақыру, тәуекел, аймақтық тұрақтылық" конференциясында.

Сонымен қатар, ол кейбір азаматтардың осы жолдағы насихатқа еріп, елден кетіп қалып жататынын айтты.

"Менің жеке пікірімше, олар адаcқан, бақытсыз жандар. Оларды бөтен адамдардың қаражатына бастары айналған деуге де болады. Дегенмен бұл адасқан адамдарды қалмыстық жауапкершіліктен айырмайды", - деді Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Ерлан Қариннің мәліметінше, қазір елімізде соғысқа кететін қазақстандықтардың саны азайған.

"Қазақстанда адамдардың соғысқа аттану жағдайларының азайғаны белгілі. Негізгілері елден кетіп болды", - деді Қарин.

Ол Орталық Азияның ДАИШ немесе Әл Каида сияқты ұйымдар үшін құрамын жаңа содырлармен толтырып отыратын аймақ қана екенін айтты. "Елімізде ешбір діни ұйымдардың белсенділігі байқалған емес", - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Орталық Азия елдері келешекте осындай ұйымдардың мақсатты насихатына тап болуы мүмкін.

Конференция кезінде Қазақстан Президентінің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев Орталық Азияда діни және экстремистік ұйымдардың бой түзеп келе жатқанын, олардың кейбір елдерге қауіпті бола бастағанын жеткізді.

Дереккөз:tengrinews.kz


2 наурыз 2016, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.