Атырау, 14 қаңтар 13:33
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Бүгін 11 ай экспедиция жүргізген «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі қазақ жеріне қонады

3 937 рет қаралды

Фото: РИА НовостиРесейлік ғарышкерлер Михаил Корниенко мен Сергей Волков және америкалық астронавт Скотт Келли мінген «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан ажырады, деп жазды ТАСС.

«Кеме стансадан ажырады»,- деді Ұшуды басқару орталығының өкілі.

Корниенко мен Келли 11 ай бойы экспедицияға қатысты. «Союздің» командирі Волков ХҒС-да 182 күн болды. Олар ұшып кеткеннен кейін стансадағы жұмыстарды Юрий Маленченко (Ресей), Тимоти Копра (АҚШ) мен Тимоти Пика (Ұлыбритания) жалғастырды.

Ғарыш кемесі бүгін Мәскеу уақыты бойынша сағат 10:25-те Жезқазған қаласынан 147 км қашықтықта қонады деп божанып отыр.

Деркккөз: bnews.kz



2 наурыз 2016, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.