Атырау, 10 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Алматыда Американың арнаулы агенттері есірткі бароны Эскобарды тұтқындау құпиясымен бөліседі

1 892 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пабло Эскобарды тұтқындау операциясына қатысқан Есірткіге қарсы күрес басқармасының зейнетке шыққан жетекші агенттері Хавьер Пенья мен Стивен Мерфи 9-11 наурыз аралығында Алматы қаласына келеді. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық уәкілдігі хабарлайды.

Бейсенбі, наурыздың 10 күні, сағат 19:00-да Пенья және Мерфи КИМЭП университетінің Great Hall залында көпшілікпен кездеседі. Олар Колумбия және АҚШ-тың құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы және бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде 1993 жылы «кокаин патшасы» аталған - әлемдегі ең бай есірткі сатушы Эскобарды тұтқындау барысын әңгімелейді. Лекцияға кіру тегін, орыс тілінде ілеспе аударма ұсынылады. Сонымен қатар, сапар барысында, Мерфи және Пенья Ішкі істер министрлігі академиясының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясының студенттері және оқытушыларымен кездеседі. Олар Бішкекке наурыздың 14-15 күндері барады.

Пабло Эскобарды тұтқындаудағы рөлі үшін Пенья және Мерфи АҚШ пен Колумбия үкіметтері атынан ең жоғары марапаттарға ие болған. Олардың мансаптарына осы операция айтарлықтай әсер етіп, оның нәтижесінде көптеген сыйлыққа ие болды. Netflix компаниясы түсірген «Нарко» телехикаясындағы агенттерді сомдаған актерлер Хавьер Пенья мен Стив Мерфиді бейнелейді. Пенья және Мерфи телехикая түсіру кезінде оған сарапшы ретінде кеңес берді.
Атақты агенттердің Қазақстан мен Қырғызстанға сапары Алматыдағы АҚШ Есірткіге қарсы күрес басқармасының өңірлік бюросы мен орталықазиялық құқық қорғау органдары арасындағы халықаралық есірткі саудасына қарсы күрес бойынша ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді.

Дереккөз:inform.kz

2 наурыз 2016, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.