Атырау, 10 қазан 05:17
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Forbes тізіміндегі қазақстандықтар табысы кеміген

2 167 просмотра

Forbes журналы 2016 жылы әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі қазақстандық бес миллиардердің табысы кеміген. Биылғы тізімде бизнесмен Болат Өтемұратов 771-орында, Динара Құлыбаева мен Тимур Құлыбаев 906-орында, Алиджан Ибрагимов және Владимир Ким 1198-орында тұр.

Forbes мәліметінше, 2015 жылы 2,6 миллиард доллар болған Өтемұратовтың табысы 2016 жылы 2,3 миллиардқа азайған. Ол өткен жылы тізімде 714-орында болған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың әрқайсысының табысы 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда сәл көбейіп, 2,2 миллиард долларды құраған. Өткен жылы олар әрқайсысы 2,1 миллиард доллармен 894-орында тұрған.

ERG корпорациясы иелерінің бірі Алиджан Ибрагимовтың табысы 2,2 миллиард доллардан 1,5 миллиард долларға - 700 миллионға азайған. Ибрагимов өткен жылы 847-орында тұрған.

Өткен жылы 1,8 миллиард доллармен 1054-орында тұрған мыс магнаты Владимир Кимнің табысы да биыл 1,5 миллиард долларға азайған.

Журнал биыл да әлемдегі ең бай адам деп Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтсті атады. Оның табысы 75 миллиард долларға бағаланған. Одан кейінгі әлемдегі ең бай адамдар тізімінде Zara компнаиясының негізін салушы, 67 миллиард доллар байлығымен Амансио Ортега тұр. Үшінші орында 60,8 миллиард доллар байлығымен инвестор Уоррен Баффет тұр.

Биыл әлемдегі ең бай он адамның тізіміне Facebook-тің негізін салған Марк Цукерберг (44,6 миллиард доллар) пен Amazon компнаиясының негізін қалаушы Джефф Безос (45,2 миллиард доллар) кірген.

Дереккөз: azattyq.kz

2 наурыз 2016, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.