Атырау, 29 қараша 00:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ҚР ҰҚК экс-басшысы бейтаныс номерден телефон шалғандарға жауап бермеуге шақырды

2 603 просмотра

ҚР ҰҚК экс-басшысы Нұртай Әбіқаев бейтаныс номерден телефон шалғандарға жауап бермеуге шақырды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында "Ақпарат саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттамаға қол қою туралы" заң жобасын талқыланды.

Құжатты талқылай отырып, комитет мүшелерінің бірі - сенатор Ләззат Киинов ҰҚК өкілдерінен "Қазақстандықтар ұялы телефонмен сөйлескенде біреу-міреулер оны тыңдап тұрмағанының кепілі бар ма және қаламайтын телефон шалулардан қалай қорғану керек?" деп сұрады.

"Шет елдерден ұялы телефонға қоңырау шалғанда, біз Петропавлдан, Қостанайдан және Алматыдан алып тұрамыз. Оның барлығының шлюз арқылы, бақылау арқылы келіп жатқанын аңғарамыз", - деді депутат Ләззат Киинов.

"Негізінде бұл шлюз-бақылау емес. Көпшілік ұялы байланыс операторы мұны біледі, мұнымен күресіп жатыр. Бұл негізінде телефон алаяқтық. Мұнда жергілікті локал шлюзі ашылады, номері де сондай, мәселен, Петропавлда, мұндай іске пайда табу үшін, табысты жасыру үшін барады. Бұл негізінен телефон алаяқтары - олар Интернет арқылы трафик тартады, яғни сізге тарифизацияланады, сізге бейне бір локал телефон қоңырауы келгендей болады немесе Мәскеуден, болмаса Қазақстаннан номер анықталады. (...) Мұндай желілерді анықтау өте қиын. Осындай деректер бойынша арыздар көп түсіп жатыр", - деп түсіндірді ҚР ҰҚК Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалатын қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы басқармасы басшысы Ғалымбек Тәтенов.

"Сонда шығатыны, менің сөйлескендерімді мемлекет қорғамай ма? Барлық әңгімемді үшінші тұлғалар да біледі деген сөз бе? Менің қауіпсіздігімді кім қамтамасыз етуі керек?" - деп сұрады спикер.

"Сіз заңмен қорғаласыз. Прокурордың санкциясынан өзгесі сіздің ұялы телефоныңызды, кез келген құрылғыңызды тыңдай алмайды", - деп жауап қатты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қабдулкәрім Әбдіқазымов.

"Кейде бөтен номерден телефон шалып жатқанда алу керек пе, жоқ па деп ойланасың, шын мәнінде өз адамдарың хабарласқан болып шығады", - деп тағы сұрады сенатор.

"Алмай-ақ қойған дұрыс", - деп ескертті ҰҚК экс-басшысы Нұртай Әбіқаев.

Талқылаудан кейін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің барлық мүшесі бұл заң жобасын палатаның талқылауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, бүгін Парламент Сенатының депутаты Ләззат Киинов "Ақпарат саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттамаға қол қою туралы" заң жобасын талқылау барысында "Қажет болған жағдайда Интернетті өшіру мүмкіндігі бар ма?" деген сұрақ қойған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

1 наурыз 2016, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.