Атырау, 29 қараша 00:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ҚР ҰҚК: Қажеттілік туса Қазақстанда Интернетті өшіріп тастауға болады

2 058 просмотра

Фото: tengrinews.kzҚазақстанда Интернетті өшіріп тастау мүмкін бе? Бүгін Парламент Сенатының депутаты "Ақпарат саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттамаға қол қою туралы" заң жобасын талқылау барысында осындай сұрақ қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай сұрақты сенатор Ләззат Киинов заң жобасын таныстырған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қабдулкәрім Әбдіқазымовқа қойды.

"Қажет болған жағдайда Интернетті өшіру мүмкіндігі бар ма?", - деп сұрады депутат.

"Интернетті өшіруге болады. Дегенмен қоғам Интернетсіз өмір сүре алмайды", - деп жауап берді Әбдіқазымов.

"Қажет болан жағдайда ше? Себебі сіздер өшірсеңіздер де, ұялы телефондар мен қалалық АТС-ке қосқан кезде жұмыс істей беретін дипломат (чемодан) бар екен. Яғни бізде осындай мүмкіндік бар ғой?", - деді сенатор сұрағын нақтылай отырып.

"Мемлекетімізде қазіргі кезде бірыңғай шлюз құрылды. Мұнымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, Ақпараттандыру және Ақпарат комитеті айналысып жатыр. Негізінде, мұндай мүмкіндік бар. Дегенмен, тағы да қайталағым келеді, қазіргі кезде бұл үлкен мәселе. Оған қоғамдық қарым-қатынас деңгейін де кіргізуге болады. Бұл тек жоғарғы инстанция шешімімен қабылдануы мүмкін", - деді ҰҚК төрағасының орынбасары сенатордың сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, тілшілерге берген сұхбатында ҚР ҰҚК Ақпараттық технологиялар көмегімен жасалатын қылмыстарға қарсы әрекет жөніндегі басқармасының басшысы жаңа заңның кейбір тұстарын айта кетті.

"Бұл хаттама Интернет арқылы алмасатын ақпарат массасын бақылап, мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақпараттарды айқындап, дер кезінде тиісті шара қолдануды қарастырады: қылмыстық іс қозғау, тиісті тұлғаларды жауапқа тарту", - деді Ғалымбек Тәтенов. Ол Қазақстанда барлық жүйенің Интернеттегі кибершабуылдарды тіркеп, оларға қарсы әрекет ететінін айтты.

"Вирусты хабарламалар арқылы шабуыл жасау жолы бар. Олар түрлі мақсатта компьютерге енгізіледі: жарнамалар немесе вирустар тарату. (...) Кибералаяқтар кредит карталары, немесе шот туралы ақпараттарға қол жеткізу мақсатында жұмыс істейді", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі.

Ғалымбек Тәтеновтің айтуынша, негізгі кибершабуылдар Интернеттің шетелдік сигментінде болады. Олар арнайы қызметтің көмегімен әшкереленеді.

"Біз айына орташа есеппен 100 мың шабуылдың жасалғанын анықтаймыз. Бұлар техникалық деңгейде әшкереленетін қарапайым шабуылдар. Оларды тану оңай. (...) Шындығында, шабуылдардың арнайы бағыты жоқ. Егер вирустар жіберіліп жатса, ол белгілі бір жерге жеткеннен кейін негізгі мақсатын жүзеге асырады. Арнайы шабуылдар да бар, ондай шабуылдармен арнайы қызметтер, оның ішінде біз де айналысамыз", - деді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz

1 наурыз 2016, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.