Атырау, 14 қаңтар 15:12
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Н.Назарбаев: Кешірімділік - керемет күш

1 974 рет қаралды

Астана. 1 наурыз. Baq.kz - Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған ресми шарада кешірімділіктің керемет күш екендігін айтты, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Мен бүгін таңертең барлық әріптестерімнен кешірім сұрадым. Қызмет барысында бәлкім біреулердің көңіліне қаяу түсіріп, ренжітіп алған болармын. Жалпы, кешірімділік - керемет күш. Мұндай қасиет ұлттар арасы мен ұжымда ғана емес, әрбір отбасында болуы тиіс құндылық. Сондықтанда, мен отандастарымды кешірімді болуға шақырамын. Ал оның қайнар бастауы бүгінгі Алғыс айту күнінен басталады, - деді Н. Назарбаев.
Айта кетейік, бүгінгі шара аясында Елбасы кітапханасында "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" атты экспозицияның таныстырылымы өтіп, ресми түрде ашылды. Экспозиция ағымдағы жылдың 31 ақпанға дейін жалғасатын болады.

Дереккөз: baq.kz

1 наурыз 2016, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.