Атырау, 10 қазан 05:21
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Премьер-лигадағы қымбат футболшылар кімдер?

1 184 просмотра

Фото: vecti.kzАстана. 1 наурыз Baq.kz - Футболшылардың нарықтағы бағасын үнемі қадағалап отыратын немістің Transfermarkt.de порталы Қазақстан чемпионатында доп теуіп жүрген футболшылардың бағаларының жаңартылған тізімін жариялапты.

Германиялық агенттіктің мәліметі бойынша ең қымбат футболшы сербиялық Неманья Максимович екен. «Астана» ойыншысы 2 миллион еуроға бағаланып отыр. Екінщі орында – «Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоу (1,8 миллион еуро), үздік үштікті тағы бір «Астана» ойыншысы колумбиялық Рохер Каньяс қорытындылап тұр.

Ал Қазақстан ойыншыларынан көш басында Дмитрий Шомко, Бауыржан Исламхан бар.

Сонымен, Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншылар:
1. Неманья Максимович (Сербия, «Астана») – 2 миллион еуро
2. Жерар Гоу (Кот-д'Ивуар, «Қайрат») – 1,8 миллион еуро
3. Рохер Каньяс (Колумбия, «Астана») – 1,5 миллион еуро
4. Исаэль (Бразилия, «Қайрат») – 1,2 миллион еуро
5-8. Дмитрий Шомко (Қазақстан, «Астана») – 1 миллион еуро
5-8. Бауыржан Исламхан (Қазақстан, «Қайрат») – 1 миллион еуро
5-8. Филип Касалица (Сербия, «Ордабасы») – 1 миллион еуро
9-12. Чиприан Дяк (Румыния, «Ақтөбе») – 900 мың еуро
9-12. Сито Риера (Испания, «Қайрат») – 900 мың еуро
9-12. Бауыржан Жолшиев (Қазақстан, «Астана») – 900 мың еуро
9-12. Патрик Твумаси (Гана, «Астана») – 900 мың еуро.

Дереккөз: baq.kz

1 наурыз 2016, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.