Сонымен қатар, анықтау жұмыстарын жүргізу кезінде күдіктінің 2013 жылы орын алған осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығы анықталды.
Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жасар ұл баланы ұрлағаны үшін ұсталған 60 жасар әйел тағы бір баланы ұрлағанын мойындады деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
2016 жылдың 20 ақпан күні шамамен сағат 14.30-дар шамасында Ордабасы АІІБ-нің кезекші бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғын, өзінің ұлы аталмыш аудандағы Амангелді ауылының тұрғыны 2009 жылы туылған Қамшыбек Мұхаммед Қазыбекұлының із-түссіз кеткені жайлы арызданған. Кішкентай Мұхаммед сол ауылдағы Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 1 сынып оқушысы. Сол күні шамамен сағат 12.30-дар шамасында сабақтан шығып, үйіне қайта оралмаған.Жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында ОҚО ІІД полицейлері жоғалған балақайды Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданынан тапты. Алты жастағы Мұхаммед полицейлердің түзген фотороботына ұқсас 1956 жылы туылған Арыс қаласы тұрғынының үйінен табылды.Полицейлер баланы ата-анасына тапсырды. Баланың денсаулығына ешқандай зиян тимеген, жағдайы жақсы.
"Аталған жайт бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 125-бабымен "Адам ұрлау" қылмыстық іс қозғады. Күдікті азамат сотқа дейінгі тергеу абақтысына қамауға алынды. Күдікті алдын сотталмаған және ІІО есебіне алынбаған",-делінген хабарламада.
Сонымен қатар, анықтау жұмыстарын жүргізу кезінде күдіктінің 2013 жылы орын алған осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығы анықталды.
"2013 жылдың қазан айында Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне 1985 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, онда 2007 жылы туылған қызы мектепке барып, үйіне қайта оралмағанын айтқан.10 күннен кейін, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, полицейлер жоғалған қызды Шымкент қаласындағы Қызылжар елдімекенінің аумағынан тапты. Күдікті қызды сол маңда қалдырып кеткен.Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің полицейлері 6 жастағы қыз баланы ата-анасына табыстады",-деп көрсетілген хабарламада.
Аталған жайт бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 125-бабымен «Адам ұрлау» қылмыстық іс қозғалған болатын, дегенмен кішкентай қызды ұрлап кеткен белгісі тұлға анықталмаған болатын.
Қазіргі таңда, жағдайдың орын алу барысы мен себептерін анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары