Атырау, 28 қараша 23:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Биыл 77 миллион тонна мұнай өндіреміз – Энергитка вице-министрі

1 453 просмотра

Астана. 23 ақпан. Baq.kz - Қазақстан биылғы жылы 77 миллион тонна мұнай өндіруді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика вице-минитрі Әсет Мағауов айтты.

«Биылғы жылы бір баррелі 40 доллар көлемінде болатын 77 миллион тонна өндіруді жоспарлап отырмыз.Бірақ нарықта бағаның төмендеп жатқанын жақсы білеміз. Сондықтан мұнай өндіру көлемін 3 миллион тоннаға азайтуымыз мүмкін. Егер мұнайдың бір баррелі 30 доллардан төмен болса, онда 74 миллион тоннамен шектелуге тура келеді», дейіді Ә. Мағауов.

Вице-министр сондай-ақ алдағы егін науқаны кезінде дизельді отынның бағасы 80 теңге көлемінде болатынын айтып отыр.

«Өткен жылы 300 мың тонна дизельді отын егістікке қажет болған еді. Біздің министрлік барлық шығындарды есептеп қойды. Дизельді отынның бір литрін 80 теңгеден жөнелтуді көздеп отырмыз. Жеткізу шығындарымен әр литрі 85 теңгеден аспайтын болады», – дейді ол.

Дереккөз: baq.kz

23 ақпан 2016, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.