Астана. 23 ақпан. Baq.kz - Көктем мезгілінде бензин бағасы көтерілмейді. Оған әсер ететін себепте жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты.
«Қазақстан нарығына бензиннің 30-35 пайызы Ресей Федерациясынан жеткізіледі. Сондықтан еліміздегі жанар-жағармай бағасының деңгейі солтүстік көршіміздегі көтерме бағаға тәуелді. Алайда жақын уақытта бензин бағасының көтерілуіне қандай да бір алғышарттарды байқап отырғанымыз жоқ. Әрине Ресейде жаз айларында маусымдық баға көтерілулері болып тұрады. Бірақ айтарлықтай қатты өзгеріс болады деп ойлаймын», – дейді Ә. Мағауов.
Дереккөз: baq.kz