Атырау, 28 қараша 22:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сәрсенбіде сот Матаевқа қатысты бұлтарпау шарасын қабылдайды

1 449 просмотра

Сәрсенбіде сот бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деп айыпталып отырған Қазақстанның Журналистер одағының басшысы - Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевқа қатысты бұлтарпау шарасын қабылдайды, деп хабарлады "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры.

АСТАНА, 23 ақп — Қазақстан жаңалықтары АА. Сәрсенбіде сот бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деп айыпталып отырған Қазақстанның Журналистер одағының басшысы — Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевқа қатысты бұлтарпау шарасын қабылдайды, деп хабарлады "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры.

"24 ақпанда Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотында Сейітқазы Матаевқа қатысты бұлтарпау шарасын белгілеу бойынша сот отырысы өтеді. Процесс жабық режимде өтеді. Сот отырысының өтетін уақыты қосымша хабарланатын болады", — делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті сот бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген күдік бойынша 22 ақпанда ұстады. Департаменттің хабарламасына сәйкес, Матаевқа тағылған айып бойынша 6 жылдан 12 жылға дейін мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Дереккөз: newskaz.kz

23 ақпан 2016, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.