Атырау, 28 қараша 22:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

"Ахметов ісінің" апелляциясы наурызда қаралады

2 259 просмотра

Фото: azattyq.orgҚарағанды облысының апелляциялық соты коррупциялық айыптар бойынша сотталған экс-премьер Серік Ахметов пен облыстың бұрынғы шенеуніктерінің ісі бойынша апелляциялық шағымды 10 наурызда қарайтын болды. "Ахметов ісі" бойынша сотқа 21 адам тартылған еді. Олардың 12-сі апелляциялық шағым берген.

Апелляциялық шағымды Серік Ахметов (10 жылға сотталған), Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев (5 жыл), Анатолий Эссе (7 жыл), үш жарым жылға сотталған Оразалы Айменбетов пен Болатбек Ысқақов, төрт жылға сотталған Айдар Телғарин, Ғабит Мұхамбетов, Дулат Айтжанов пен Ерлан Қисықов, шартты түрде бас бостандығынан айырылған Қанат Мұсаев Бақтыгүл Асқарова және Айдос Жәкенов түсірген. Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов апелляциялық шағым берген жоқ.

- Біз барлық тағылған айып бойынша толық ақтауды сұраймыз. Бауыржан Әбдішев қылмыс жасаған жоқ. Оны заңсыз соттады деп санаймыз. Бірақ ол қайсар, рухы мықты адам. Егер рұқсат етсе апелляциялық сот отырысына қатысып, сөйлегісі келеді, - деді Азаттыққа Әбдішевтің адвокаты Нұрлан Бекбергенов.

Апелляциялық сотқа сотталушылардың өздері мен олардың адвокаттарынан бірнеше шағым түскен.

Қарағанды облыстық соты 11 желтоқсанда Серік Ахметовті "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деп айыптап, 10 жылға соттаған. Сот Ахметовтің дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етіп, 5 жыл мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салған. Ахметов пен сотталушылардың көпшілігі тағылған айыпты мойындамайды.

Дереккөз: azattyq.org

23 ақпан 2016, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.