Атырау, 28 қараша 22:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қамаудағы Ермек Нарымбаев үйқамаққа шықты

2 084 просмотра

Фото: azattyq.orgАлматының тергеу изоляторында қамауда отырған азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев конвоймен үйіне жеткізілді. Бұл туралы белсендінің әйелі Зоя Нарымбаева мен Нарымбаевты жеткізген конвой бастығы хабарлады. Олардың сөзінше, Ермек Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы қамаудан үйқамаққа ауыстырылған. Сондықтан Нарымбаевқа интернет пайдаланып, журналистермен сұқбаттасуға рұқсат жоқ.

Мұның алдында Азаттық тілшісімен сөйлескен Ермек Нарымбаевтың адвокаты Жанар Балғабаева Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауысқаны туралы түрме әкімшілігінен естігенін айтқан. Адвокат тергеу изоляторына барғанымен Нарымбаевты көре алмаған.

Бұған дейін журналист Гүлжан Ерғалиева Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге қатысты сот бүгін түскі сағат 13.30-да өткенін айтып, «ол [Нарымбаев] шамамен екі сағаттан соң үйінде болады» деген еді.

11 ақпанда Facebook әлеуметтік желісінде Ермек Нарымбаевтың айыбын "мойындауы" жарияланып, жақтастары оны босатуы мүмкін деген болжам айтқан.

Оған дейін 29 қаңтарда Ермек Нарымбаевпен бірге сотталған Серікжан Мәмбеталиннің де Facebook парақшасында көпшілікке арналған үндеуі шыққан. Белсенді «қателік жасағанын мойындайтынын», «бірақ қылмысты әдейі жасамағанын» айтып, ертеңінде апелляциялық шағымы қаралғанға дейін босатылған.

Азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталин былтыр қазанда авторы Мұрат Телібеков делінген «Ветер с улицы» кітабының үзіндісін әлеуметтік желіде көшіріп басқаны үшін Алматыда қамауға алынған.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев сот процесі кезінде өздерінің кінәсіз екенін мәлімдеп, істеріне өкінбейтіндерін айтқан.

22 қаңтар күні Алмалы аудандық соты Мәмбеталинге - екі жыл, Нарымбаевқа үш жыл түрме жазасын кескен.

Дереккөз: azattyq.org

23 ақпан 2016, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.