Алматы. 23 ақпан. ҚазТАГ 22 ақпанда сағат 21.23-те мен менің әкем Матаев Сейтқазының ұсталғаны туралы ресми хабарлама алдым. Оған дейін әкемнің әріптестері, біздің отбасымыз және жақындарымыз ештемені түсіне алмай отырғанбыз.
Ұстау хаттамасымен таныса келе, біз қорғаушыларымызбен бірге әкемді нақты сағат 9.30-да ұстағанын анықтадық. Ол туралы ұстау хаттамасында көрсетілген. Алайда Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызмет департаментінің бастығы Шаттық Өтеев сағат 12.00-де Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратында өткізген брифингінде «Ешкім ұсталған жоқ. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп мәлімдеді. Сондай-ақ, zakon.kz, ақпарынша, ол Сейтқазы мен Әсет Матаевтар ұсталған жоқ, ресми түрде олар бостандықта деп түсіндірген. Осылайша ол әкемді ұстау туралы қаулының 2016 жылдың 22 ақпаны сағат таңғы 9.30-да толтырылғанын біле отырып, журналистер мен қоғамды жаңылыстырған.
Жедел-тергеу тобының басшысы, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасының басшысы Таубалды Сәкен қорғаушыларымыз болмаған кезде бірқатар тергеу амалдарын жүргізуге тырысты, алайда құжаттарға қол қоюдан бас тартылған соң менің әкем Матаев Сейтқазы Бейсенғазыұлын ұстаған. Қорғаушылар, мен бұған дейін де айтқандай, Астана қаласының Алматы аудандық №2 сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының қызметкерлерінің әрекетіне шағымдану бойынша сот отырысында болды. Бұл туралы Таубалды Сәкен мен оның басшылығы алдын-ала хабардар етілген. Олар біздің қорғану құқығымызды әдейі бұзған.
Алматы қалалық қорғаушылар алқасының қорғаушысы Андрей Петров пен Мәдина Бакиева талап еткеннен кейін 2016 жылдың 22 ақпанында сағат 21.30-да менің әкем С.Б.Матаевпен Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратында құпия кездесу өткізген. Содан кейін ұсталушы С.Б.Матаев Алматы қаласындағы ІІД УҰА-ға (уақытша ұстау абақтысы) қамауға алынды.
Жеке тұлға ретінде әкемнің мүлкін қамауға алу туралы қаулыға Алматы қ. Медеу ауданының №2 сотында белгіленген заңнамалық тәртіпке сай шағым түсірілді.
ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаев
Дереккөз: ҚазТАГ