Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ - 2016 жылдың 22 ақпанында ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың нұсқауларына сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінде «Айбалта – 2016» ірі ауқымды жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрліінің баспасөз қызметінен.
«Оқу-жаттығуға «Астана» өңірлік қолбасшылығы, Аэроұтқыр әскерлері, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қатысуда». Сондай-ақ біз Шекара әскерлерін, Ұлттық ұлан мен Әуе қорғанысы күштерін тарттық. Біз оқу-жаттығуды төмен температурада, қыста және әскерлер үшін таңсық жерде өткіздік.. Негізі мақсат – күрделі жағдайларда жұмыс жасау үшін штабтарды, әскерлерді даярлау, сондай-ақ жауынгерлікке жақындатылған, қысқы температурада әскери операцияларды жоспарлауға үйрету», - деп келтіреді баспасөз қызметі ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің сөзін.
Оқу-жаттығу ақпанның 22-і мен 26-ы аралығында ұдайы орналасу пункттерінде, қозғалу бағдарларлары мен «Шығыс», «Сарыөзек» және «Спасск» полигондарында өтеді. Барлығы оқу-жаттығуға 5 мыңға жуық адам, 1 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік авиациялық техника тартылады.
«Бүгін бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-шаралар өткізілді. 177 адам және 52 бірлік техника тартылады. Оқу-жаттығудағы артиллерияшылардың міндеті шартты қарсыласты атыспен қолдау, жалпыәскери бөлімшелер мен бөлімдерді қолдау», - деп 28738 әскери бөлімінің командирі подполковник Жанат Расқұлов атап өтті.
Хабарда айтылғандай, осы аптада оқу-жаттығудың негізгі кезеңдері өтеді. Онда әскери қызметшілер әскерлердің далалық машығын, күрделі қысқы жағдайда іс-қимыл жасау кезінде жеке құрамның моральдық-психологиялық тұрақтылығы мен физикалық тұрғыдағы төзімділігін арттырады.
.Дереккөз: ҚазТАГ