Атырау, 28 қараша 22:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Алматыда заңсыз ашылған екі ойынхана жабылды

1 952 просмотра

Image 0Алматыда полицейлер заңсыз ашылған екі ойын мекемесін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын залдарының бірі "Ақсай-2" ықшамауданында орналасқан. Ол жерден полицейлер 18 компьютер, сонымен қатар 323 мың теңге ақша тәркіледі. Ойын барысын басқарып жүрген 36 жастағы әйел қылмыстық жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаладағы бильярд клубтарының бірінен ойын құрылғыларын тапты. "Покер" ойыны өтіп жатқан клубтан ойын карталары мен фишкалар, сонымен қатар адамдардың ойнағаны түсірілген бейнежазбалар табылды. Тәркіленген заттар қылмыстық істің айғақтары ретінде тіркеуге алынды. Бұл жолы клуб иесі жауапқа тартылды. Айта кетейік, мекеме ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңында көрсетілген талаптарға бағынбаған", - деді ведомство өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 ақпан 2016, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.