Атырау, 22 мамыр 14:43
 ашықВ Атырау +19
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37

Мәжіліс сайлауы алдындағы үгіт басталды

1 835 просмотра

Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттары ресми тіркелген саяси партиялар бүгін сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін кезектен тыс парламент сайлауына елдегі алты саяси ұйым – «Нұр Отан» (127 үміткер), «Ақ жол» (35), «Ауыл» (19), Қазақстан халықтық-коммунистік партиясы (22), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (23) және «Бірлік» партиясы (8) кандидаттарын тіркеген.

Парламент мәжілісі сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Қазақстан заңы бойынша, парламент мәжілісіндегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

Cаяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 19 наурызға дейін жалғасады.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, елде кезектен тыс парламент мәжілісі және жергілікті мәслихаттар сайлауын өткізу үшін барлығы 9840 сайлау учаскесі құрылған.

Дереккөз: azattyq.org

21 ақпан 2016, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.