Атырау, 28 қараша 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тайшыбековті Тараздағы түрмеге қайта әкелді

1 670 просмотра

фото: azattyq.orgРесейшіл көзқарастарымен белгілі 38 жастағы блогер Ермек Тайшыбеков бүгін таңертең этаппен Тараздағы тергеу изоляторына әкелінді. Бұл туралы Азаттыққа изолятор қызметкері хабарлады. Ал Тайшыбековтің адвокаты Анатолий Окуньков блогердің кеше кешке Жамбыл облысының Қордай ауылындағы изолятордан этаппен Тараздағы изоляторға әкетілгенін хабарлады. Тайшыбеков Таразда апелляциялық сот отырысын күтеді.

Ермек Тайшыбековті Қордай аудандық соты өткен жылы 11 желтоқсанда әлеуметтік желідегі жазбасында ұлттық араздықты тудырды деп айыптап, төрт жылға соттаған. Сот процесі кезінде ол Қордайдағы изоляторда отырған. Үкім шыққаннан кейін ол Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілген. Мұнда ол апелляциялық сотқа дейін отыруы тиіс болған.

Бірақ Жамбыл облыстық соты апелляциялық алқасының судьясы Нұрлан Жұмағұлов бірінші инстанция сотында Тайшыбековтің процестің видео жазбасымен және хаттамасымен танысу құқығы бұзылды деген. Жұмағұлов 1 ақпанда бұл заң бұзушылықты жою үшін Тайшыбековтің ісін аплляциялық инстанция қарауынан алып, бірінші инстанция соты қайтарған.

Тайшыбеков сот процесінің аудио және видеожазбаларын және өзіне қатысты істің жалпы хаттамасын зерттеу үшін 4 ақпанда Тараздан Қордайға жеткізілген. Бұдан соң ол өзінің хаттамаға жасаған ескертпесін қарау туралы өтініш берген. Судья Қайрат Белгішев 16 ақпанда прокурор, Тайшыбеков және оның адвокатының қатысуымен өткен сотта Тайшыбековтың ескертуін қабылдамай тастаған.

Тайшыбеков өзінің іс-әрекетінде қылмыс болды деп санамайды. Оның пікірінше, өзіне қатысты істің саяси астары бар. Ол бұған қоса апелляциялық соттан үкімнің түрмеде отыру жазасын өзгеріссіз қалдырса да, барлық ақпараты сақталған ноутбугын жою туралы үкімді өзгертуді сұрайды. Тайшыбеков егер ноутбугы жойылса онда жоғарығ сот инстанцияларында өзіне қатысты үкімнің "заңсыз екенін" дәлелдей алмай қалатынын айтады.

Дереккөз: azattyq.org

19 ақпан 2016, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.