АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер жедел іздестіру шаралары кешенін жүргізу барысында 18 ақпанда сағат 22.00 шамасында хабар-ошарсыз кеткен Қазбекова Гүлшатты тапты, деп хабарлады Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Оның айтуынша, ол өзінің жеке өмірін қалыптастырып, туыстарынан бөлек тұрғысы келген. Осы уақыт аралыығында Астана қаласында жалдамалы пәтерде жігітпен бірге тұрып келген.
Еске салсақ, ағымдағы жылғы 15 ақпанда Қазбекова Гүлшаттың анасы 3 ақпанда 19 жастағы қызы үйінен жұмысқа шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы шағыммен жүгінген. Бұл факті бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркеліп, іздестіру ісі қозғалды. Бойжеткенді іздеуге Астана ІІД жеке құрамы тартылды.
Дереккөз: inform.kz