Атырау, 28 қараша 21:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Назарбаев Түркиядағы терактілерге байланысты көңіл айтты

3 380 просмотра

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта көптеген жазықсыз адамдардың қаза болуына, жарақаттануына әкеп соқтырған жантүршігерлік оқиға туралы суыт хабардың қазақстандықтарды бей-жай қалдырмағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдеріміз үшін мұның ортақ қайғы екенін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы болған оқиғаға алаңдаушылығын білдіріп, барша қазақстандықтар атынан түрік халқына қолдау сөзін жеткізуді өтінді.

"Қазақстан терроризмнің кез келген түрін, оның күрес тәсілдері мен жолдарын қатаң айыптайды. Қандай мақсатта болса да, жазықсыз қан төгуді еш ақтауға болмайды. Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған аумалы-төкпелі кезеңде біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Ердоғанға, қаза болғандар мен зардап шеккендердің туған-туыстары мен барлық түрік ағайындарға көңіл айтты. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жарақат алғандардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Еске салайық, Түркия астанасының орталығындағы жойқын жарылыскеше жергілікті уақыт бойынша сағат 18.30-да Қызылай ауданында болған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери машина жатақхана маңынан өтіп бара жатқан кезінде сол маңда тұрған көлік жарылған. Ал Түркияның билеуші партиясының өкілдері жарылыстың теракт екенін мәлімдеді. Теракт салдарынан қаза тапқандардың саны 28-ге жеткен.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 ақпан 2016, 20:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.