Атырау, 28 қараша 21:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Н. Назарбаев: орысша хатқа қазақша жауап бергендер жұмыстан қуылсын!

3 175 просмотра

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы қаласында қаланы дамыту және Дүниежүзілік 28-қысқы Универсиадаға дайындық мәселелері жөніндегі жиын барысында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы»порталы хабарлайды.

Президент Н. Назарбаев өңірлерде «Тілдер туралы» заңның талаптары сақталмай отырғанын тілге тиек етіп, Президент Әкімшілігіне нақты тапсырма берді.

«Маған азаматтар орысша жазған хатына қазақша жауап алуда деген сыбыстар жетіп жатыр. Егер адам орыс тілінде өтініш берсе, оған сол тілде, яғни орыс тілінде жауап алуы тиіс. Президент аппаратына барлық облыстарды тексеруді тапсырамын. Мұны жасап жүргендердің барлығы жұмыстан қуылсын!»,- деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, президент Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін тағы бір ескерткен.

«Сіздер білетіндей, біз үш тілді оқытуды белгіледік. Осы беттен таймау керек. Мәдениет министріне заң барын айтқым келеді. Бірақ, кейбір шенеуніктер алға қарай асығыстық жасап, барлығын қазақша сөйлеткісі келеді. Біз – көпұлтты мемлекетпіз, біз осы фактіні қабылдадық», - деді ол.

Дереккөз: qamshy.kz

16 ақпан 2016, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.