Атырау, 28 қараша 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстандықтар шикізат қорынсыз өмір сүруді үйренуі тиіс – Нұрсұлтан Назарбаев

2 055 просмотра

Қазақстандықтар шикізат қорынсыз өмір сүруді үйренуі тиіс. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласын дамыту және 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жөнінде өтіп жатқан кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Аспаннан қашан алтын жауады екен деп, қол қусырып отырмауымыз керек. Әр дағдарыс – жаңа дамуға жол ашатын кезең. Сол себепті қазір біз шикізат саясатынан бас тарта аламыз. Мемлекет дағдарыстан мейлінше аз шығынмен шығу үшін тиісті шараларды қолға алуда», - деді Елбасы.

Президент үкіметтің дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қабылдағанын атап өтті. 3 трлн теңгеге тарта қаражат 18 мыңдай жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Егер біз бағамды ұстап тұруды жалғастыра бергенде, барлығын жұмсап қойған болар едік. Ал қазір біз ақшаны елдің дамуына бағыттап жатырмыз. Қазіргі жағдайды ескеріп, қаржыны тиімді пайдаланған жөн», - деді Елбасы.

«Инвестиция тарту бағытында жұмыс істеу керек. Мемлекет қазынасынан бөлінген әр теңгеге 2-3 теңге жеке инвестициядан келуі тиіс», - деп толықтырды Президент.

Дереккөз: bnews.kz



16 ақпан 2016, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.