Атырау, 28 сәуір 10:39
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 357,24 теңге

1 145 просмотра

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 357,24 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 14 700 мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 55,3550 теңгені (-0,5221 теңге), сауда-саттық көлемі - 500 мың юаньді (-200 мың юань) құрады.

Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Дереккөз: inform.kz

16 ақпан 2016, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.