Атырау, 28 қараша 21:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Cайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауын енгізу тәртібі анықталды

1 146 просмотра

Орталық сайлау комиссиясында сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауларын енгізу бойынша жеребе өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ортсайлауком баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, жеребеге партиялық тізімдер ұсынған барлық саяси партия өкілдері қатысты. "Рәсім келесідей тәртіпте өткізілді. Мөлшері және түсі бойынша бірдей конверттерге ҚР ОСК хатшысы партиялық тізімдерін Ортсайлауком тіркеген партиялардың санына тең, реттік номерлер салынған парақтарды салды. Конвертте номер жазылған бір парақ қана болды. Конверттер желімделіп, араластырылды және барлық қатысушы көре алатындай қашықтықта орналасқан столда жайылды. Содан кейін әр саяси партияның өкілі олардың партиялық тізімдерінің тіркелу тәртібі бойынша кезекпен столдан кез келген конвертті алып, оны ашып, номерлерін жария етті", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жеребе тартуды өткізу қорытындыларына сәйкес, 2016 жылғы 20 наурызда дауыс беруді өткізу кезінде "Нұр Отан" партиясының атауы сайлау бюллетенінде бірінші орналасады. Одан кейін Қазақстан Коммунистік халық партиясы, "Ақ жол" партиясы, "Бірлік", Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атаулары кезекпен орналасады.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 ақпан 2016, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.