Атырау, 28 қараша 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

EXPO-2017 нысандарының құрылысын аяқтау үшін бюджеттен 85 миллиард теңге бөлінеді

1 576 просмотра

Фото: 365info.kzEXPO-2017 нысандарының құрылысын аяқтау үшін бюджеттен 85 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет отырысы барысында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Тағы бір міндет - EXPO-2017 және Универсиада-2017 нысандарының құрылысын тезірек аяқтап, "Нұрлы Жол" Мемлекеттік бағдарламасының инфрақұрылымын жүзеге асыру. Осы жобаларды өз уақытында жүзеге асыру үшін 194,5 миллард теңге бөлу жоспарланып отыр", - деді Досаев.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, EXPO-2017 нысандарын өз уақытында тапсыру үшін 85 миллиард теңге, оның ішінде: IT инфрақұрылымына және басқа да шараларға 60 миллиард теңге, көрме аумағында орналасатын сауда орталықтарын және тұрғын үй құрылысын аяқтауға 15 миллиард теңге, сонымен қатар, Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы құрылысын аяқтауға 10 миллиард теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, Алматыда Универсиада-2017 шарасын өткізуге 33,6 миллиард теңге, оның ішінде: 3 мың және 12 мың адамға арналған екі Мұз айдынын аяқтауға 10,9 миллиард теңге, 4,8 миллиард теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын қалпына келтіруге, 17,9 миллиард теңге Универсиада-2017 жобасын өткізуге жұмсалады.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 ақпан 2016, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.