Атырау, 28 қараша 21:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ОҚО колледждегі емтихан бағасын саудаға салған ұстаз жұмыстан қуылды

1 717 просмотра

Image 0Оңтүстік Қазақстан облысында пара сұраған оқытушы жұмыстан қуылды. Жасырын түсірілген бейнежазбада педагог сынақтан өткізу құнын айтып ашық саудаласып тұр.

- Екінші курста емтихан ғой, ия, емтихан 2 мыңнан ғой, сөйттім ғой былтыр мен. - Ал қазір емтихан емес қой. - Емтихан емес қой, не дейсің енді, бермей тұрсыңдар ғой, не дейсің маған? Бер 1500. - Апай, стипендиядан береміз ғой, ...жоқ боп тұр да қазір бізде.

Ғаламторды шарлап кеткен бейнежазбаны «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің студенттері салған. Математика пәнінің оқытушысы қарызға баға қойдырып, бермей жүргендердің барын да жасырмады. Қазір аталған оқу орнында білім басқармасының өкілдері тексеру жүргізіп жатыр. Сынақтан өткізгені үшін ақы сұраған «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің оқытушысы екенін білім саласындағылар растап отыр.

Лаура Жүніс ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы бас маманы:

«Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің математика пәнінің оқытушысы Жанбосынова Нұржамал ҚР Еңбек кодексінің 52 бабы 1 тармағы 14-тармақшасына сәйкес тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер, осы жұмысты жалғастыруға сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасағаны үшін, статьямен 11 ақпан күні жұмыстан босатылды.

Дереккөз:astanatv.kzastanatv.kz

15 ақпан 2016, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.