Атырау, 28 қараша 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ақышев купюралардан Ұлттық банк төрағасының қолын алып тастаудың себебін түсіндірді

2 362 просмотра

Image 0Ұлттық банк басшысының қолын купюралардан алып тастау туралы шешім қаражатты үнемдеу үшін жасалған, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Данияр Ақышев Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты.

"Банкноталардың дизайнының тұжырымдамасы бойынша қажетті элементтердің жиынтығы болуы керек. Банкнота өндіру процессі - өте ұзаққа созылады. Тіпті екі жылдан асып кетеді. Тіпті Ұлттық банк басшысы ауысқан кездер де болды. Мұндай жағдайларда оны қайта өзгерту үшін қаражат қажет. Бұл барлық елде бар дей алмаймыз, мәселен Ресейде жоқ. Қол нені білдіреді? Бұрын қол купюра бойынша міндеттемені білдіретін. Қазір бұл міндеттемелер заңда қарастырылған. Яғни онда қол болмаса да Ұлттық банк оған жауап береді. Осы жағдайларға байланысты біз қол қоюдан бас тарттық, себебі қаражатты үнемдейміз", - деді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 ақпан 2016, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.