Атырау, 14 қаңтар 15:13
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Gakku телеарнасы Баян Есентаева құрған «Алау» тобына «соғыс» ашты

2 828 рет қаралды

Image 0Отандық Gakku TV музыкалық телеарнасы өнер әлеміне енді аяқ басқан «Алау» тобының бейнебаяндарын Youtube-тегі каналынан алып тастады. Бұл туралы топ продюсері Баян Есентаеваның Instagram желісіндегі парақшасында жазғандарынан белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ашу қысқан продюсер Instagram-дағы парақшасында аталған телеарнаның кәсібилігіне күмән келтіріп, өкпе-назын айтты: «Көрермендеріңіздің пікіріне құлақ аспай, барлық бейнебаянымызды алып тастасаңыздар, еш таңғалмаймын! Кешірім сұрауды білмегендеріңізге қарағанда, кәсібиліктеріңіз туралы сөз қозғаудың өзі артық!», - деді ыза кернеген продюсер (орфография мен пунктуация сақталды).

Әйтсе де әйгілі жұлдыз «Алау» тобының «фанаттары» үшін видеоны Youtube-ке жүктеп қоюға уәде етті. Есентаеваның парақшасына жазылушылар да жұлдыздың бұл идеясына қолдау танытып, Youtube-те өз каналын ашуға кеңес берді.

Дереккөз: bnews.kz


12 ақпан 2016, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.