Британиялық Superb Films Corporation компанияның басшысы Кент Волвин қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жайлы фильм түсіруді жоспарлап отырғанын мәлім етті. Оның айтуынша, картинаның бюджеті 10 млн долларға жуықтайды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Меніңше, Қазақстанның кинобизнес саласында үлкен экспорттық әлеуеті бар. Мысалы, біз қазақстандық бокс жайлы және жаңа «Рокки Бальбоаның» тұлғасын ашу үшін Геннадий Головкин туралы фильм түсіргіміз келеді. Қазір менің қазақстандық және америкалық әріптестерім Головкин мен Сильвестр Сталлоненің менеджментімен осы мәселені талқылап жатыр», - дейді Волвин Forbes Kazakhstan басылымына берген сұхбатында.
Естеріңізге саламыз, отандасымыздың келесі жекпе-жегі 23 сәуір күні Лос-Анджелестегі «Форум» аренада өтеді. Оның қарсыласы америкалық Доминик Уэйд (18-0, 12 КО).
Дереккөз: BNEWS.KZ
12 ақпан 2016, 14:44
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.