Атырау, 28 қараша 21:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстанда Балалар құқықтары бойынша уәкіл институты құрылды

1 966 просмотра

Image 0Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын Балалар құқықтары бойынша Уәкіл институты құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарланды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын Балалар құқықтары бойынша Уәкіл институты құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарланды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жарлықтың мәтініне сәйкес, Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында, қатысушы мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясына бейілділігін растай отырып, әлемдік қоғамдастықтың балалар өмірі үшін қолайлы және мейірімді ортаны қалыптастырудағы күш-жігерін қолдай отырып құрылады.

"Уәкілдің негізгі мақсаттары — мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл арқылы балалардың құқықтары кепілдігі мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру", — делінген жарлықтың мәінінде.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

12 ақпан 2016, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.