Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанға Сириядан ағылып жатқан босқындар жоқ, деп мәлім етті ҚР ІІМ көші-қон полициясы департаментінің бастығы полковник Серік Саинов.
«Байқайсыз ба, олар (сириялық босқындар - ҚазТАГ) Қазақстанға онша қызықпайды, себебі бізде еуропалық елдер ұсына алатындай қомақты жәрдемақылар қарастырылмаған», - деді С.Саинов бейсенбіде парламент санатының кулуарында.
Бұл ретте ол Сириядан Қазақстанға 2-3 босқынның ғана келгенін айта кетті. Бірақ «олар бұл жақта бұрыннан тұрып жатқандар», ал жалпы «босқындардың соншалықты бір легі жоқ» деді.
«Босқын дәрежесін беруді сұрап өтініш жазушылар бар, былтыр 300-дей адам жазды, олардың тек 30-ы ғана қабылданды», - деді көші-қон полициясы департаментінің бастығы.
С.Саинов түсіндіріп өткендей, Қазақстанда аталмыш азаматтарды «аз-аздап» қана қабылдау мүмкіндігі бар.
Дереккөз: ҚазТАГ