Атырау, 28 қараша 21:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сенат Ресей жалға алатын жер уческелерін қысқарту құжатын мақұлдады

2 511 просмотра

Image 0Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Парламент Сенатының отырысында бес халықаралық құжат ратификацияланды.

Сенаторлар Қазақстан мен Ресей арасындағы Ресей Федерациясының 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдары) пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады. Заңмен Келісім мәтініне және Келісімге Қосымшаға полигонның Ресей тарабы жалға алатын жер учаскелерін қысқартуды, маусымды ауыл шаруашылық және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде полигон аумағы учаскелерін Қазақстан тарабының пайдалану тәртібін, сондай-ақ табиғи зілзалаларды жою кезінде көмек көрсетуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Хаттаманы ратификациялау жалдаудан шығарылатын жер учаскелерін ескере отырып, полигонды одан әрі пайдалану тәртібін заңнамалық тұрғыдан реттеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осы аумақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметін дамытуға көмектеседі.

Сондай-ақ, Ресейдің 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының Қазақстан аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екі ел үкіметтері арасындағы хаттама да ратификацияланды. Құжат жер учаскелері алаңдарының қысқаруына байланысты орталықтың жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін жалдау ақысының күні мен сомасын айқындауды көздейді. Шартқа жасалған өзгерістер сондай-ақ полигонды жыл сайынғы жалдау мерзімдерінің басталу уақытын да анықтайды.

Депутаттар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты да ратификациялады. 2015 жылғы 3 қарашада Лондонда жасалған Шарт Қазақстан мен Ұлыбритания құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық істермен байланысты сот және соттан тыс рәсімдер бойынша тергеуде және қылмыстық қудалауда өзара құқықтық көмек көрсету мәселелеріндегі өзара іс-қимыл мәселелерін реттейді.

Дереккөз: Baq.kz

11 ақпан 2016, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.