Атырау, 9 қазан 23:24
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Аслан Сәрінжіпов жаңа қызметке келді

2 605 просмотра

Image 0ҚР бұрынғы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов "Назарбаев Қоры" президенті және "Nazarbayev University" қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

"Назарбаев Қоры" Қазақстан Президентінің бастамасымен 1998 жылдың 15 желтоқсанында ашылған еді.

10 ақпанда білім және ғылым министрі болып Ерлан Сағадиев тағайындалған еді. Ал Аслан Сәрінжіпов бұл қызметті 2013 жылдан бері атқарды.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 ақпан 2016, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.