Атырау, 22 желтоқсан 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы студент өлі күйінде табылды

1 540 рет қаралды

Фото: InstagramАстанада жоғалып кеткен 23 жастағы студент өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"10 ақпанда шамамен 22.00-да Астана қаласының ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында із-түссіз жоғалып кеткен 1992 жылғы Е.О.Әубәкіровтің мәйіті табылды. Қылмыстық заңбұзушылық жасады деген күдікпен үш адам ұсталып, қаладағы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады елорда ІІД өкілдері.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 ақпан 2016, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.