Атырау, 28 қараша 20:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ОҚО-дан оқушы шекара бұзушыларды ұстауға көмектесті

1 981 просмотра

Image 0Сарыағаш шекара жасағының "Достық" шекара заставасының жасағы Өзбекстаннан Қазақстанға жаяу өтіп, мемлекеттік шекараны бұзған екі адамды ұстады.

Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушысы шекарашыларға мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстауға жәрдемдесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.

Ведомстводан хабарлағандай, Сарыағаш шекара жасағының "Достық" шекара заставасының жасағы Өзбекстаннан Қазақстанға жаяу өтіп, мемлекеттік шекараны бұзған екі адамды ұстады.

"Оларды ұстауда шекара сақшыларына Сарыағаш ауданы Ынтымақ елдімекенінің С.Айни атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Мұстафа Әбдіқадыров жәрдемдесті. Мектеп оқушысы күдікті тұлғалар шекараны бұзып бара жатқанын көріп, дереу шекара қызметкерлеріне хабар берген", — делінген хабарламада.


Көрсеткен көмегі үшін Шекара қызметінің әскери бөлім командирі, подполковник Бауыржан Әбсаматов жас көмекшіге алғыс білдірді.

"Салтанатты шара барысында басшылық оған, мектеп директорына, сынып жетекшісіне грамота және бағалы сыйлықтар табыс етті. Бұдан басқа оқушының ата-анасы Бақияр және Маржангүл Әбдукәрімовтер де ынталандырылды",-деп атап көрсетеді ведомство.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

10 ақпан 2016, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.