Футзалдан Қазақстан құрамасы Италия командасын жеңіп, Еуро-2016 жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Сербия астанасында өткен кездесу 5:2 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді.
Матчта есепті бірінші болып қазақстандықтар ашты. 16-шы минутта бұрыштамадан тебілген допты алыстан соққы жасаған Лео көзге түсті. 19-шы минутта Серік Жаманқұлов қарсылас командасының алаңындағы қателікті сәтті пайдаланып, есепті еселеді. Бұл доп форвардтың турнирде соққан төртінші голы.
Айта кетейік, Италия Еуропаның қазіргі чемпионы, ал Қазақстан бұл турнирге тұңғыш рет қатысып отыр. Енді Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испаниямен ойнайды. Ал басқа жартылай финалда Сербия Ресеймен кездеседі.
Дереккөз: tengrinews.kz