Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ө.Шөкеев кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингті трансформациялау бағдарламасын және оның активтерін жекешелендіруді жүзеге асыру барысы туралы, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру шаралары жөнінде баяндады.
Айталық, 2015 жылы компанияның ағымдағы шығыстары 520 миллиард теңгеге қысқартылды, басымдығы жоқ бірқатар инвестициялық жобалар кейінге қалдырылды, соның арқасында 255 миллиард теңге үнемделді. Кредиторлармен келіссөздер нәтижесінде компаниялар тобының жалпы қарызы 7 миллиард долларға азайды.
Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру бағдарламасының маңыздылығын атап өтіп, осы үдерістің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету міндетін қойды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті әлемдік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан, холдинг әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға тиістігіне назар аударды.
Ө.Шөкеев өңірлердегі ірі жобаларға, соның ішінде Атырау облысындағы мұнай химиясы өнімдерін шығаратын кәсіпорын құрылысына, Жамбыл облысындағы каустикалық сода және глифосат өндіретін өндірістік кешенге, сондай-ақ «Солтүстік-Шығыс» электр тарату желісінің құрылысына инвестиция салу көлемі ұлғайғаны туралы айтты.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары