Бүгін, ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Оқас Сапаров ҚР Парламенті Сенатының отырысына қатысты. Оған аумағымызда орналасқан РФ 929-шы Мемлекеттік ұшу-сынама орталығы бойынша хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобалары қаралды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
«Хаттамаларға енгізілген өзгерістерде Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағындағы 600 мыңға дейін гектар полигон учаскелері жалға берілуден шығарылады. Сәйкесінше, 1 миллионнан аса АҚШ долларына жалға беру төлемінің сомасы қысқарады», - деп ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаров атап өтті. Жалға берілуден шығарылатын учаскелерде пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жобалар іске асырылады. Сонымен, Атырау облысындағы «Тайсоған» учаскесінде Уаз және Қондыбай кен орындарында көмірсутекті, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының «Жамантау» учаскесінде кесек тасты өндіру жүзеге асырылады. Одан басқа, Атырау облысының Ақжар кентінде тұрғын құрылыстарды тіркеу жүргізіледі. Осылайша, хаттамаларды ратификациялау мемлекетіміздің экономикалық дамуына оң ықпал етеді және әлеуметтік бағыттылыққа ие. 2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде хаттамаларға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік.