2050 жылға дейiн Ресей Федерациясына жалға берiлген Байқоңыр қаласының тұрғындары ҚР Парламенті Мәжiлiсi және Қызылорда облысы мәслихатына қатысып, дауыс бере алады. Бұл туралы ОСК-да өткен брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Байқоңыр қаласында тұратын республиканың барлық азаматтары бұрынғыдай Қазақстан Республикасы парламентiнiң партиялық тiзiмдерiне және Қызылорда облыстық мәслихаты үшiн дауыс беретiн болады. Олардың өз қалалық мәслихаты жоқ», - дедi В.Фоос.
Айта кетейік, бүгiнгi күнге дейiн Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» ҚДП, «Ауыл» ХДПП және ҚКХП-ның партиялық тiзiмдерiн тiркесе, округтiк сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына 568 кандидатты тiркедi.
Дереккөз: bnews.kz
9 ақпан 2016, 16:49
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.