Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейлік әріптестеріне шегірткеге және басқа да зиянкестерге биологиялық әдіспен қарсы күресте жаңа технологиялармен бөлісті.
РФ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында шегірткеге және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес жүргізу бойынша хаттамаға қол қойылды деп хабарлайды Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейлік әріптестеріне шегірткеге және басқа да зиянкестерге биологиялық әдіспен қарсы күресте жаңа технологиялармен бөлісті. Атап айтқанда, экономикалық, экологиялық аспектілер және биоәдістің биологиялық тиімділігі қаралды",-делінген хабарламада.
Бұған қоса, екі ведомствоның Ақтөбе қаласында өткен кездесуінде РФ АШМ-ның 2015 жылы Қазақстанда зиянкестерге қарсы күрес бойынша жүргізген жұмыс нәтижелері көрсетілді. 18 349,4 мың га аумақта шегірткенің топталып жүретін түрлеріне зерттеу жүргізілді. 3 284,8 мың га-ға зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу өткізілді.
"Қауіпті зиянкестерге қарсы күреске 310 техника тартылып, 3500-ден аса білікті маман қатысты…Шегіртке зиянкестеріне қарсы өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы егіндеріне залал келуі, сондай-ақ шегірткелердің көршілес мемлекеттердің аумақтарына ауысуы анықталмаған",-деп сендіреді қазақстандық АШМ-нан.
Дереккөз:Қазақстан жаңалықтары