Атырау, 28 қараша 20:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Н. Назарбаев қытай халқын ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

5 727 просмотра

Астана. 8 ақпан. Baq.kz - Қытай Коммунистік партиясының орталық баспа органы «Жэньминь жибао», Қытай орталық телевизиясы, ҚХР Мемлекеттік кеңес сайты (http://www.gov.cn), «Синьхуа» агенттігі және тағы да басқа жетекші қытайлық БАҚ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қытай халқын ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтауын жариялады.

«4 ақпан күні Ақордада CITIC Group және басқа да қытайлық компания өкілдерімен кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қытай халқына «Чуньцзе» мерекесімен құттықтауын жолдады. Қазақстан Президенті алғаш рет ҚР-дағы қытай компания өкілдерімен жеке кездесу өткізіп, қытай халқын ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтады», - деп жазады ҚХР бұқаралық ақпарат құралдары.

Сондай-ақ кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін қытай кәсіпорнына алғысын білдірді. Сонымен бірге ол Қазақстан үкіметі екі ел арасындағы прагматикалық ынтымақтастықты кеңейту саясатын одан әрі жалғастыра беретінін атап өтті.

«Н. Назарбаев «Жібек жолы» экономикалық белдеуі мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты бірлесіп жылжытуға үлес қосу үшін қытайдың ірі кәсіпорындары Қазақстанға инвестиция салатынына сенім білдірді, - деп жазады қытайлық БАҚ.

Басылымда Н. Назарбаевпен бірге қытай халқын Жаңа жыл мерекесімен Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон, Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн мен Кения Президенті Ухуру Кениата да құттықтағаны жазылған.

Айта кетейік, Қытай халқы биылғы Мешін жылында ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін 8 ақпан күні тойлайды. «Көктем мерекесі» («Чуньцзе») елдің ең басты мейрамы болып саналады.

Дереккөз: baq.kz

8 ақпан 2016, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.