Атырау, 28 қараша 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әділет министрлігі: ҚР-да тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы заң пайда болады

3 297 просмотра

Image 0Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар салық салу, бюджет, әкімшілік құқық бұзушылық, зияткерлік меншік және басқа да қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу қарастырылуда.

Қазақстанда биыл жеке тұлғалардың баспаналарын міндетті сақтандыруды қарастыратын заң жобасы әзірленеді деп мәлімдеді жұмада әділет министрі Берік Имашев.

"Жеке тұлғалар баспаналарын, жылжымайтын мүлік иелерін нысанды міндетті сақтандыру туралы жаңа заңнама әзірленетін болады. Бұл тұрғыда ТЖ оқиғасына тұрғын үйді міндетті сақтандыру қарастырылады",-деді Имашев өз ведомствосының алқа мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар салық салу, бюджет, әкімшілік құқық бұзушылық, зияткерлік меншік және басқа да қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу қарастырылуда.

"Өткен жылы министрлік 2016 жылға Үкіметтің заң жобалары жоспарын әзірлеп, онда 26 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ биылға құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша жоспарды даярлады. Бұл жоспарға 19 шара енгізілген",-деп түсіндірді министр.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

5 ақпан 2016, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.