Атырау, 28 қараша 19:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сомалидегі бортында жарылыс болған ұшақта қазақстандық екі азаматтың болғаны анықталды

1 526 просмотра

Image 0Сомалидегі бортында жарылыс болған ұшақта қазақстандық екі азаматтың болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 2 ақпанда Сомали астанасы Могадишо әуежайынан көтеріле бергенде A321 ұшағының бортында жарылыс болған еді. Жолаушылардың бірі ұшақтың фюзеляждағы ойықпен ұшып бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған болатын. Оқиғаның салдарынан екі адамның зардап шеккені белгілі болды.

Tengrinews.kz тілшісі ұшақ бортында Қазақстанның екі азаматының болғанын анықтады. Олар Алматыдағы №405 Авиажөндеу зауытының қызметкерлері - Сергей Северин мен Николай Бочкарев. Осы зауыттың директоры Константин Ушаков бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, қазақстандықтар Сомалиге БҰҰ тапсырмасы бойынша жұмыс істейтін тікұшақты жөндеуге барған.

"Біздің қызметкерлер жұмыс бабымен онда жиі ұшады. Бұл жолы да олар жұмыс бабымен сонда барып, Алматыға қайтып келе жатқан болатын. Олар зардап шеккен жоқ. Оқиғадан кейін бірден байланысқа шықты. Ұшақтың апатты жағдайда қонғанын айтты. Нақты не болғаны белгісіз. Қазір мамандар тергеу жүргізіп жатыр", - деді Ушаков.

Оның айтуынша, апатты қонудан кейін қазақстандықтар БҰҰ базасына қайтадан барып, қайтадан жұмыс істеген. "Онда БҰҰ қызметкерлері тұрады. Сондықтан да біздің қызметкерлер қауіпсіздікте. Олармен үнемі байланыстамыз", - деді ол.

Қазір қазақстандықтар тергеу ісіне қатысты шаралардың аяқталғанын күтіп жатыр. "Қазір ол жақта тексерістер жүріп жатыр. Бұл теракт болды деген болжам бар. Тергеу аяқталған бойда олар осында ұшып келеді. Туыстарына хабар береміз, жағдайды бақылап отырмыз", - деді Ушаков.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 ақпан 2016, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.