Атырау, 18 мамыр 22:08
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әзірбайжандықтар Қазақстанға визасыз кіре алады

2 286 просмотра

Image 0

Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі 2016 жылға визасыз режим енгізілген елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі ӘР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзірбайжандықтар дәл қазір 62 елге визасыз кіре алады.

Тізімде Әзірбайжан азаматтары дипломатиялық, қызметтік және кәдімгі төлқұжатпен еркін кіре алатын елдер көрсетілген. Қазақстан Әзірбайжан азаматтарына кәдімгі төлқұжатпен шетелге шығуға мүмкіндік беретін алғашқы топқа енген:

1. Беларусь – 90 күн

2. Грузия – 90 күн

3. Қазақстан – 90 күн

4. Қырғызыстан – 90 күн

5. Молдова – 90 күн

6. Өзбекстан – 90 күн

7. Ресей – 90 күн

8. Тәжікстан – 90 күн

9. Украина – 90 күн

10. Индонезия – 90 күн

11. Вьетнам – 90 күн

Статистикалық мәліметке сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 100 мыңнан астам әзірбайжандық жұмыс істеп жүр.

Дереккөз: bnews.kz


5 ақпан 2016, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.