Атырау, 28 қараша 19:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

БП: АҚШ-та сотталған Тәжаяқов экстрадициялау туралы өтінішпен жүгінген жоқ

2 463 просмотра

Image 0Бостондағы теракт бойынша АҚШ-та сотталғандардың бірі қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов отанына экстрадициялау туралы өтінішпен жүгінген жоқ деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Бостондағы теракт бойынша АҚШ-та сотталғандардың бірі қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов отанына экстрадициялау туралы өтінішпен жүгінген жоқ деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.

"Сіздер білесіздер, 2015 жылдың 6 желтоқсанынан бастап Қазақстан АҚШ секілді Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенциясының қатысушысы болып табылады. Осыған байланысты Қазақстанның осы конвенцияға қосылуымен, 2015 жылдың 12 желтоқсанында Бас прокуратура АҚШ-тың өкілетті органы алдында Д. Қадырбаевты Қазақстанға тапсыру бастамасын тағы да көтерді", — деді Меркель жұмада бас прокуратура баспасөз қызметі таратқан мемлекеттік БАҚ-қа сұхбатында.

Ол қазіргі кезде аталған өтініш америкалық тараптың қарауында екенін атап айтты.

"Ал Азамат Тәжаяқов туралы айтатын болсақ, оның өзінен немесе туыстары тарапынан Қазақстанға экстрадициялау туралы өтініш бізге жасалған жоқ. Осындай өтініш болған жағдайда А. Тәжаяқовты қайтару мәселесі халықаралық және Қазақстанның ұлттық заңнамасына сәйкес қаралады",-деп атап айтты Меркель.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

5 ақпан 2016, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.